Бірінші курс студенттеріне жатақханада орын бөлу комиссия арқылы шешіледі. Бұл бастаманы «НұрОтанә партиясының оқу ордасындағы бастауыш ұйымы жүзге асырмақ.
Студенттер үйіне келген мына жастар оқуға түскен бірінші курстың студенттері. Олар жатақханадан орын алуға ниетті. Биылғы жаңа оқу жылының алдында жастарды жатақханамен қамту мәселесі нұротандықтардың қатысуымен шешіледі.
Жатақханада орын бөлу жөніндегі комиссия құрамында «Адалдық алаңы», Жастар ресурстық орталығы , «НұрОтан» партиясының Шымкент қалалық, аудандық филиалдарының өкілдері бар. М.Әуезов атындағы ОҚМУ -нің №5 жатақханасында комиссия мүшелері алғашқы отырысын өткізді.
Данияр Тілеубергенов, «НұрОтан» партиясының Әл- Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Жатақханада орынды ең алғашқы кезекте жетім, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балаларына беріледі».
Комиссияның құрамында ата-аналар да бар. «НұрОтан» партиясының оқу ордасындағы бастауыш ұйымы бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шара дейді. Жатақханаға қабылдау жаңа тәртіппен ашық жариялы түрде өтуін комиссия мүшелері қадағалайды. Бұл тәжірибе шаһардағы өзге де жатақханаларда жүзеге аспақ.
Шынар Оразова