6 «жеңгетайдың» жолы кесілді

160

Ағымдағы жылдың 19-21 қыркүйек аралығында Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері «Стоп-траффик» республикалық жедел-іздестіру іс-шарасы аясында жеделдетілген шараларын өткізді.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өткізетін іс-шараның негізгі мақсаты адам саудасына қатысты жайттардың алдын алу мен жолын кесу, жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысу үшін притондарға тосқауыл қою, адамдарға қатысты тағы да басқа құқық бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.

Аталған іс-шараны тиянақты өткізу барысында полицейлер облысымыздағы барлық қонақ үйлерді, сауналарды, моншаларды және басқа да орындарды, интернет-сайттарды, сондай-ақ күдік туғызған қызметтерді тегіс анықтау мақсатында тексеріп шықты.

«Стоп-траффик» жедел алдын алу іс-шараларының аясында облыс аумағында жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастырудың 6 жайты тіркелді. Аталған жайттар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысатын 5 тұлға мен жеңіл мінез-құлқындағы 12 қызды есепке алды.

Мәселен, Сарыағаш ауданындағы «Стоп-траффик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында, Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен Сарыағаш қаласының жергілікті тұрғыны құрықталды. Жергілікті қонақүйдің әкімшісі жеңіл мінез-құлықты қыздарды қызметін сыйақы ұсына отырып, жеңгетайлықпен айналысқан. Тәртіп сақшылары ұсталған күдіктіден ақша және басқа да айғақты заттар тәркіледі. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері естеріңізге салады, егер сіз заңсыз адам саудасына және жеңгетайлыққа байланысты қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда сіз тез арада «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде қылмыскерді ізін суытпай құрықтауға көмектеседі.

 

QAINAR KÓZТО ПД-ның баспасөз қызметі