Шымкентте кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан үш жеңгетай ұсталды

99

Шымкентте полицейлер кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан үш жеңгетайды ұстады, деп хабарлайды ОТЫРАР. Бұл туралы басылымға Шымкент қалалық ДП ресми өкілі Салтанат Қаракөзова хабарлады.

Тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерлердің бірінде жеңіл жүрісті әйелдерді ұстады. Олардың барлығы Семей, Қарағанды, Тараз, Атырау, Шымкент қалаларынан. Қыздар мән-жайды анықтау үшін полицияға жеткізілді.

Белгілі болғандай, Қызылордалық үш әйел еліміздің үшінші мегаполисінде жеңіл жүрісті әйелдерге қамқорлық жасап, жезөкшелікпен айналысатын жезөкшелер үйін ұйымдастырған, оның ішінде кәмелетке толмаған екі шымкенттік қыз да бар.

Жеңгетайлар қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: ҚР Қылмыстық кодексінің 308 «жезөкшелікпен айналысуға тарту» және 309 «ұйымдастыру немесе асыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.