Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Жыланбұзған ауылында «ПЕРГАМ» көшпелі зертханасының газ құбырларын жоспарлы тексеру барысында жоғары қысымды жер асты газ құбырында газдың ағып кетуі анықталды.

Газ құбырын ашу кезінде Ду-250 мм жоғары қысымды жерасты полиэтилен газ құбырының дәнекерлеу түйіскен жерінде газдың шыққаны белгілі болған. Газбен жабдықтау жүйесінен Ақбастау, Абай, Ұйымшыл, Текесу, Алғабас, Әңгір ата, Сұлтан Рабат сынды 7 елді мекенде газ өшірілді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен абоненттерге газды қайта жіберу үшін материалдар ұсынылғаннан кейін және газ шаруашылығына келтірілген залалды өтеуден кейін жүргізіледі», — деп хабарлайды.