Шымкентте 8 мыңнан аса тұрғын алимент төлемей жүр. Тиісті төлемдерді тек алиментке міндеттелгендердің небәрі 25 пайызы ғана ұдайы төлейді. Баласының алдындағы міндеттерінен бас тартып жүргендердің көбісі жұмыссыздықты алға тартады. Борышкерлерге қандай шара көріледі?
Шымкент қаласының прокуратурасының мәліметінше алимент өндіру жөніндегі атқарушылық істерге әрдайым талдау жүргізіліп отырады. Жыл басынан бері қала көлемінде сот орындаушыларға 8631 алимент өндіру туралы іс келіп түскен. Оардың 2236-сы ғана өз берешегін баласына жеткізіп отыр екен. Қалған борышкерлер іздестірілу үстінде.
Бүгінде шаңырақтары ортасына түсіп, отбасы ойрандап жатқан тек жастар емес. ширек ғасыр отасқандар да алименттің әлегімен жүр. Заңгерлердің пайымынша бұл жағдайды бірден тоқтату мүмкін емес. Заң шеңберін кеңейтіп, республика көлемінде өзгерістер енгізу керек.
Бүгінде алимент төлеуден жалтарып жүргендердің саны көбеймесе азаймай отыр. Бауыр еті баласына берешектердің қатарында нәзік жандылар да бар. Шымкент қаласының прокуратурасының мәліметінше олардың ең көп мөлшері 7 млиллионнан асып түседі. Арнайы іздеу жариялап өздерінің сайттарына енгізіп қойған.