Арбатта жайылған «Қазақ дастарханы»

298

Жуырда ғана лентасы қиылған ғажайып Арбатта Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы облыстық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Қазақ дастарханы» фестивалін ұйымдастырылды.

Онда әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұлттық тағамдары дастархан ажарын ашып, ерекше астар мәзірлер қатарын толықтырды. Сондай-ақ, «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада облыстық 9 этномәдени бірлестік қазақтың ұмыт болған дәмді тағамдарын назарға ұсынды. Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Үсейн Пашаұлының айтуынша, «Осындай тағамдарды жұртшылыққа кеңінен насихаттау арқылы ұлттар арасындағы татулық пен достықты нығайтамыз» дейді. Бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешіп жатқан этно бірлестік өкілдерінің жайған дастарханы қазақтың кеңдігі мен дархандығын көрсетіп тұрғандай.

Акция асында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласының мамандары қала тұрғындарына тегін медицианлық кеңес берді. Жиылғандар назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем ән Арбат аспанын әлдиледі.