Төлеби ауданына қарасты ауылдарға тіршілік нәрі мен көгілдір отын биыл жыл соңына дейін жеткізіледі. Тіпті ауыз су алынатын станцияның құрылысы да аяқталуға шақ тұр.
Алатау елді мекенінде ауыз су станциясы іске қосылмақ. Құрылысы бірнеше жылдан бері кейінге қалдырылып, жоспарлаған мерзімнен әлдеқайда кейін басталды. Су станциясы толық іске қосылса, үлкен көлемдегі ауыз су алынып, барлық ауылдар ауыз сумен қамтылады. Осылайша ауданда жырға айналған ауыз су мәселесінің түйіні тарқайды. Тіпті, құрылыс мерзімінің аяқталу күні де белгілі.
АҚХ Нұрлан Төле би ауданының ТКШ бастығы: «Біз мұнда жұмыстарды аяқтаймыз, қазан айының соңына қарай мердігерлер нысанды тапсырады және су елді мекендерге түседі».
Тіршілік нәрінен бөлек Төлеби ауданының тұрғындары толықтай табиғи газбен қамтылады. Мамандардың айтуынша жоба 2020 жылы тапсырылуы тиіс. Жауаптылар жобаны айтылған мерзімнен кешіктірмей тапсыратындықтарына сенімді. Негізгі жұмыс аяқталған, тек жер асты құбырын жүргізу ғана қалды дейді.
Осылайша, Төлеби ауданына қарасты ауыл тұрғындары осыған дейін тек армандап келген көк отын мен ауыз суды жаңа жылдан бастап тұтынатын болады.