Арыс: Жарылыстан зардап шеккен мектептердің жай күйі қалай?

109

Арыс қаласына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек бастаған жұмыс тобы іс сапармен келді. Сапар аясында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандармен танысты.

Алдымен Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы орта мектептің дайындығын көрді. Апат кезінде қабырғалары қақырап, есік-терезелері қираған ғимарат күрделі жөндеуден өткен. Жергілікті шенеуніктер білім беру нысандары жаңа оқу жылына сақадай сай деп сендірді.

Жұмыс тобы жарылыстан жапа шеккен өзге білім ошақтарында болып, олардың жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады.

Мақпал Рысбаева