Аудандық сотта жаңа фронт офис ашылды

284

Шымкентте жаңа фронт-офис ашылды. Нысаның ашылуына жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов қатысты. Әл Фараби аудандық сотына қарасты кеңсенің жұмысын ұйымдастыруға бюджеттен арнайы қаржы бөлінбеген. Ал, онда жұмысын жаңа бастайтын қызметкерлерге жоғарғы сот төрағасы халықпен жылы сөйлесу керектігін ескертті.

Жаңадан ашылған фронт офисте әділдік пен заңгердің кеңесін іздегендерге медиатор, адвокат және прокурор қабылдайтын болады. Төрағаның айтуынша, жыл соңына дейін Қазақстанда осындай 199 фронт-офис жұмыс істеуі керек. Ал, келесі жылы олардың қатары тағы 30-ға көбеймек.

Назерке Үкібасова