Шымкенттегі Арбатқа өз үлесіңізді қоса аласыз

493

Қаланың көркеюіне, гүлденуіне әрбір тұрғын өз үлесін қоса алады. Бүгінде қаламызда жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» жобасы 4 көшеде ашылады деп жоспарланған болатын. Алдағы уақытта жобаның аясы кеңеймек.

Ерекше көшелер Қошқар ата бойы мен Бекет батыр, Асқаров және Бейбітшілік көшелері бойында орналасады деп шешілген болатын. Ашық аспан астындағы көрмені қолға алу идеясы біраздан бері айтылып жүрген-тін. Жақын күндері қала орталығынан Шымкенттің өз «Арбаты» пайда болып, онда шаһар тұрғындары мен қонақтары жексенбі және мереке күндері суретшілердің көрмесін, кәдесыйлардың алуан түрлерін тамашалай алатын болады.

Енді қарапайым тұрғындарға да, кәсіпкерлерге де Шымкент қаласының Асқаров және Бейбітшілік көшелерін, Әл-Фараби алаңы мен Республика даңғылына дейінгі аралықта жаяу жүргіншілер аллеясын яғни, Арбатты өз қаражаттарымен қайта құруды инвестициялауға ұсыныс жасалып отыр. Шымкент қалалық әкімдігінің ұсынысы бойынша бұл жобаға кез-келген тұрғын атсалысуға мүмкіндігі бар.

Жоба бойынша ұсыныстарды, эскиздік және басқа да құжаттарды 9 сәуірге дейін Рысқұлов көшесі, 8а үйінде орналасқан Халықтық кеңсеге тапсыруға болады.