Олег Круговтың құрметіне басталған бәсеке тұңғыш рет ұйымдастырылды. Ал, оған қатысушылар еліміздің әр аймағы мен Өзбекстан Ресупбликасынан келген.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Олег Круговтың құрметіне басталған жарысқа 200-ден астам өрен жиналды. Солардың бірі — Алдияр Баһадүр. 12 жастағы жеткіншек дәл осы жарыста әділқазылар көзіне ерекше түскен.

Алдияр Баһадүр, жарыс қатысушысы: «Менің бокспен айналысып жатқаныма 3 жыл болды. 3 жылда 12 кездесу өткіздім. Барлығында да жеңіске жеттім. Мен осы жарыста чемпион болғым келеді. Оған 1 ай дайындалдым».

Қазақстандық жас портшылардан бөлек бәсекеде өзбекстандық атлеттер де бұл додада бас жүлдеден дәмелі.

Олег Кругов, жарыс иесі: «Бүгін жарысқа келген жас спортшылардың аяқ алысын көріп қайран қалдық. Кейінгі буынның деңгейі мықты. Қарсыластарынан қаймықпайды».

12 және 13 жас аралығындағы жасөспірім боксшылар бәсекесі 4 күнге жалғаспақ.

Назерке Үкібасова