Бос жұмыс орындары ұсынылды

235

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды бос жұмыс орындарына тарту және кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, І.Жансүгіров көшесі «Меланж» фабрикасының аумағында, жол бойында жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға Шымкент қаласы бойынша жәрмеңкеге ұсынылған бос жұмыс орындарымен танысып «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» мен «Жаңа бизнес идеяға қадам» атты бағдарламаларды түсіндіріп, осы бағдарламалардың тиімді тұстарын атап көрсетіп, жұмыс жасауға шақырылды.

Жиналысқа қатысқан тұлғалар оқылған баяндамалар бойынша өз көкейінде жүрген сұрақтарға тиісті жауаптар алды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.