Шаһар басшысы Ерлан Айтаханов қалалық мәслихат депутаттарының қарауына Абай ауданының әкімі лауазымына ұсынылған үміткердлердің арасында лайықтысы Ғалымжан Төлепов деген ұсыныс жасады. 36 жастағы шенеунік Төлеби ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Алайда, депутаттардың Ғалымжан Әнуарұлына тағар міні бер екен. Нұротандықтар партия қатарында болса неге төсбелгі тақпайтынын сұрады. Қала берді, аудан әкімі лауазымына жергілікті кадр табылмағанына таңданысы білдірді.

Нұркөз Жаңабай, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: «Көп жерде жұмыс істепті. Білікті. Алайда 300 мың халқы бар Абай ауданын басқаруға басқа да тәжірибелі әкімдер, орынбасарлары бар емес пе?».

Дегенмен, депутаттар Ғалымжан Төлеповты Абай ауданының әкімі қызметіне тағайындауға бірауыздан келісім берді. Сессияның жұмысы аяқталған бетте Ғалымжан Төлепов Абай ауданы әкімі ретінде алғашқы сұхбатын берді.

«Тәжірибесі бар болғанымен жас деп жатыр Көңіліңізге алған жоқсыз ба?» деген сауалымызға «Жоқ. Жұмыс қой. Бар тәжірибемді, білімімді ауданды дамытуға жұмсаймын» деп жауап берді.

Тағайындаудан бөлек депутаттар сессияда мемлекеттік -жекешелік әріптестік жобаларының жүзеге асырылуы сөз болды. Мелекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізген халық қалаулылары мемлекеттік -жекешелік әріптестік аясындағы жұмыстарды да сынға алды.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 55-ші сессиясының күн тәртібіне енгізілген соңғы мәселе Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізу болды. Бұл Абай ауданының бұрынғы әкімі Бұхарбай Пармановтың Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалуына байланысты. Бұл да бірауыздан мақұлданды.

Шынар Оразова