«Изуми» сауда орталығы осы маусымдағы ұтыс ойындарын аяқтады

191

«Изуми» сауда орталығы осы маусымдағы ұтыс ойындарын аяқтады. Жаз басталғалы алушыларына мерекелік көңіл күй сыйлап келе жатқан ұйымдастырушылар бұл жолы шетелге жолдама ойнатқан. Айта кетейік, соңғы ұтысқа 70 мың чек ойнатылған, 111 сыйлық таратылды.

Әр жаз сайын тұтынушыларына мерекелік көңіл күй сыйлайтын «Изуми» сауда орталығы биыл да дәстүрден айныған жоқ. Маусым басталғалы ұтыс ойнатқан ұйымдастырушылар осы демалыста соңғы сыйлықтарын таратты. Ал, оны аламын деп 200-ге жуық сатып алушы келген. Және олардың басым бөлігі олжалы болып қайтты.

Камила Ахмедова, «Изуми» саду ортағының директоры: «Келесі жылы тұтынушыларға жаңа бастама ұсынамыз. Әзірге оны ойластырған жоқпыз. Бірақ міндетті түрде тың жоба ұйымдастырамыз».

Алдыңғы 100 жеңімпазға «Изуми» дүкенінің киімдері табысталды. Ал, кейінгі 10-ның жолы тіпті сәттілікке ұласты. Себебі олар енді «Изуми тау» демалыс аймағында бой сергітіп қайтады. Ал, көптің күткен жолдамасына Әйгерім Махамбетова ие болды.

Әйгерім Махамбетова,жеңімпаз: «Изуми” сауда орталығынан бір екі апта бұрын күйеуім бірнеше зат алып еді. Содан көп купон берді. Өзім кешігіп келіп, сыйлықты ұтып аламын деп ойламадым. Қуаныштымын 7 күнге Анталияға жолдама беріп жатыр».

Осы жазда 3 рет ұйымдастырылған ұтыс ойынының бұл соңғысы. Изумиліктердің айтуынша 2020 жылы бұл игі дәстүр жаңа серпінмен жалғаспақ.