Прокурорлық тексеріс барысында 50-ден астам кездейсоқ қоқыстар анықталды

111

 Шымкент қаласы прокуратурасының Алқа мәжілісінде жергілікті атқарушы органдардың 2018 жыл мен 2019 жылдың өткен мерзімінде тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету және санитарлық тазалау қызметтеріне бақылауды ұйымдастыруға бағытталған шаралардың тиімділігі және заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижелері қаралды.

Мақсат Қожабаев, Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылғалы бері 1 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, қаламыздың аумағындағы экологиялық ахуалдың өте нашар екендігін атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдар қаламыздыңжоғары статусын сезінбеуінің салдарынан, аталған саланы ұйымдастыру жұмысын жүргізбей, бүгінгі таңда халық қажеттілігін қамтамасыз етпейтін Нормаларды қолданып, құқықтар мен міндеттерді, жауапкершілікті айқындайтын, тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, қала аумағын санитарлық тазарту саласын реттейтін нормативтік акті қабылданбаған.

Ал, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тұрмыстық қалдықтардың жиналу көрсеткіші 2 есе артық болуы,қолданыстағы Нормаларды есептеудіңдұрыс жүргізілмеуінің көрінісі, нәтижесінде контейнерлердің едәуір жетіпсеушілігі байқалады.
Тұрмыстық қалдықтардың нақты жиналу нормасына сәйкес қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру үшін кем дегенде қажетті4мың контейнердің орнына қазіргі таңда 2 мың конетйнер ғана қол жетімді. Сондықтан тұрмыстық қалдықтардың жиналу Норамсын жаңадан бекітіп, контейнерлер санын кемінде 2 есе арттыру қажеттігі туындауда.

Жергілікті атқарушы органдарымен атқарылып жатқан жұмыстардың жеткіліксіздігінің тағы бір айғағы ол тек прокурорлық тексеріс барысында қадағалаушы органмен 50-ден астам кездейсоқ қоқыстардың анықталуы. 1 жылдан астам уақыт аралығында бірде-бір тұлға әкімшілік жауапкершілікке де тартылмаған ескерген жөн.

Қала қоқыс ордасына айналуының тағы бір себебі мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде санитарлық тазалау қызметін көрсетуші мекемелердіңтехникалық ресурстарымен қамтамасыз етілмеуінен бөлек, жұмысшыларының саны бойынша талаптарға сай болмай, жеңімпаз атануы.

Атап айтқанда, жекелеген мекемелер өз жұмысшыларының санын 35 есе артық көрсетіп, яғни небәрі 8 жұмысшысы бар мекеме қажетті 270 жұмысшыны жалған көрсетіп, 210 млн. мемлекеттік қаржысы бөлінген бүкіл Қаратау ауданына санитарлық тазалау қызметін көрсетуде.

Осындай заңсыздықтарға жол берген мекемелерді жеңімпаз ету аудан әкімдіктерінің әрекетсіздіктерімен бақылаудың мүлдем жоқтығының көрінісі.

Алқа қорытындысымен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың аталған бағыттағы қызметтерін қайта қарап, қала әкімінің атына заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған ұсыну енгізіліп, жекелеген өнім берушілердің әрекеттеріне бойынша процесуальдық шешім қабылдануда.