Шымкент қалалық Полиция департаментінде бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

166

Аталған шараға 50-ден астам жас жігіттер мен қыздар қатысты. Жастар полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі, сондай-ақ материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік кепілдіктер туралы барлық қажетті ақпаратты ала алды.

Жәрмеңке соңында ақпараттық парақшалар таратылды.