Шымкентте полиция қыз зорлаған такси жүргізушісін жедел іздестіру шараларын бастады. 2019 жылы 27 тамызда қыз және оның достары туған күнін дәмханада атап өткен. Кештен кейін оны таксиге отырғызып жіберген. Аталған такси дәмхана маңында тұрған. Такси жүргізушісі нағыз маньяк болып шықты. Қызды қатты ұрып-соғып, тұншықтырып, зорлаған. Бұл туралы әлеуметтік желілерде Dina Tansari жазды.

«Аталған жайт 2019 жылдың 27 тамызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі таңда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған», деп хабарлады. АМІЖ аға тергеуші полиция подполковнигі Айнұр Омарова.