Екі жыл бұрын із-түссіз жоғалған жігіт аман-есен табылды

0

Шымкентте осыдан 2 жыл бұрын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған 34 жастағы жігіт аман-есен табылды. Ер адам отбасымен қауышты.

2021 жылы Абай аудандық полиция басқармасына із-түзсіз жоғалған 34 жастағы қала тұрғыны туралы хабарлама келіп түскен. Туыстарының айтуынша, ер адам 20 қазан күні үйден шығып, қайта оралмаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер із-түзсіз жоғалған адамның болуы мүмкін барлық жерлерді тексеріп, көрші облыстардағы әріптестеріне бағыттама жіберген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ер адам Алматыда құрылыс нысандарының бірінде жалдамалы жұмыс істеп жүрген жерінен табылды.

«Жедел уәкілдер оны Шымкентке әкеліп, отбасымен қауыштырды. Өз кезегінде оның қарт ата-анасы мен әпкесі полиция қызметкерлеріне біреудің қайғысына бей-жәй қарамағаны үшін ризашылығын білдірді» деп хабарлады полициядан.

(Көрнекі фото: pixy.org)