Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ахметов Ербол Құланбайұлы қалалық құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ербол Құланбайұлы бұған дейін Түркістан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген. Е.Ахметов 1975 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша техник- механик және заңтану. Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімінің өндірістік секторының бас маманы болып бастаған. 2009- 2014 жылдары Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары, жер қатынастары бөлімі бастығының міндетін атқарушы, жер қатынастары бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
Ал, 2015 пен 2018 жылдар аралығында ОҚО құрылыс басқармасының инспекторы, құрылыс басқармасы заң бөлімінің басшысы, жобалар мен сараптамаларға мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.