Түркістанда бұдан былай азық-түлік тұрақтандыру қорының жұмысы жанданады. Өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның селекторлық кеңесінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылаудың жаңа тетіктері қаралды.

Қор өкілдерінің айтуына қарағанда, бүгінде 10 мың тоннадан астам қосалқы өнім бар, оның ішінде картоп – 4 мың тонна, ұн – 3 мың тонна, сәбіз – 1 мың тоннадан асады. Сондай-ақ, қорға тиесілі 250 млн. теңгеден астам қаражат бар. Бұл қаржы да бағаны тұрақтандыру үшін пайдаланылатын болады дейді мамандар.

Мақпал Рысбаева