Шымкент қ. ПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторларының ұйымдастыруымен аудан әкімшілігі, прокуратура, жастар орталығының өкілдерімен бірлесіп Қаратау аумағындағы аулаларда, саябақтарда, жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шара жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпсіздіктерге «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмауына, мәдениетсіздік пен бассыздыққа жол бермеу, қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастыру, кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде жүргенін, қаңғыбастық жайттарын анықтау, кәмелетке толмағандарға алкогольді сусындарды, темекі бұйымдарын пайдаланбауын, сондай-ақ ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу болып табылады.

Рейд барысында ювеналды полиция қызметкерлері ҚР ӘҚтК-нің 132-бабымен «кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру» — 2, ҚР ӘҚтК-нің 442-бабы 1-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы» — 1, ҚР ӘҚтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен «кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы» — 6 хаттама толтырып, жасөспірімдердің ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бейімдеу орталығына 5 жасөспірім жеткізілді.

Сондай-ақ, кафе мен дүкендердің иелеріне кәмелет жасына толмағандарға спирттік ішімдіктер және темекі өнімдерін сатуға болмайтынын ескертіп, профилактикалық жұмыстарын жүргізді.