Түлкібас ауданының тұрғынының қалтасынан есірткі табылды

187

Түлкібас АПБ-нің кезекшілігіне жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, есірткі затын өзімен бірге алып жүрген азамат туралы айтады. Бірден жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп, нәтижесінде Түлкібас ауданының полицейлері бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды құрықтайды.

Осылайша, күдіктінің жеке басын тінту кезінде полиция қызметкерлері оның қалтасынан полиэтилен пакетіне салынған марихуанаға ұқсас есірткі затын табады.

Айғақты зат ретінде табылған заттар сараптамаға жолданып, оның қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың кептірілген марихуана екендігі анықталды. Жалпы салмағы 120 грамнан асады.

Аталған жайт, Түлкібас АПБ-нің СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алынды. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер ұсталған күдіктінің бұрын соңды ҚР ҚК-нің 3 бабы, «Қарақшылық», «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу», «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотты болғандығын анықтады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде есірткі затын заңсыз пайдалансаңыз қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеді. Сондай-ақ, есірткі құралдарын пайдалану бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға зиян келтіретінін ескеріңіз. Облысымыздың тәртіп сақшылары азаматтарға салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі зиянды әдеттерден сақтануға кеңес береді.