5-31 қазан аралығында Түркістан облысы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты табиғатты қорғау заңнамасы, заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
Мәселен, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері 7 экологиялық қылмысты тіркеді. Мысалы, 22 қазан күні жүргізілген рейдтік іс-шаралар аясында Жетісай АПБ-нің полицейлері Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты зат ретінде тәртіп сақшылары күдіктілерден резеңке қайық пен балық аулайтын құрал-жабдықтар, сондай-ақ 6 кг жыланбалық тәркіледі.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Отырар ауданында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жабайы қоянды аулаған екі күдіктіні құрықтады. Полиция қызметкерлері Отырар ауданы мен Кентау қаласының тұрғындары болып шыққан браконьерлерден 4 жаңа сойылған етін, жарықтандырғыш және аңшы мылтығын тәркіленді. Аталмыш дерек Отырар аудандық сотында ҚР ҚК-нің 337-бабы «Заңсыз аң аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері 80-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын, балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін және басқаларды бұзғандар бар.
Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады, сондай-ақ заңды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.