Енді анықтамалар ВКонтакте және Facebook желілерінде де қолжетімді болды

234

Телеграм қосымшасындағы egovkzbot-тан түрлі анықтамаларды алып, сервистерді пайдаланып көрдіңіз. Енді дәл солай қызметтерді танымал facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуға болады. Әзірге ВКонтакте жүйесінде 19, Facebook арқылы 15 қызмет қолжетімді.

💻Facebook арқылы қызметтерді алу үшін әлеуметтік желінің мэссенджерінде «Портал egov.kz» жазуын енгізіп, бот сілтемесін басыңыз. Сізге бірден қызметтер мәзірі шығады.

📲ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі сервисті қолдану үшін онда «Портал eGov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесін таңдаңыз, қажетті қызметтер мен сервистерді алу үшін сізден ЖСН мен телефон нөмірі сұратылатын болады.

✅ Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызмет боттарын смартфоннан да, ноутбуктен де бірдей пайдалануға болады!