Мұрағаттық анықтамаларды онлайн алуға болады

252

Мұрағаттық анықтама – бұл «өткен оқиғаны қайта жасауға» болатын арнайы құжат. Мұрағат анықтамасын алуға өтінішті үйден шықпай-ақ, E-gov порталы арқылы алуға болады.

Мұны істеу үшін қажет:
– порталда авторлану және «Мұрағаттық анықтамалар беру» қызметін таңдау;
– анықтаманы толтыру және оған электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы немесе бір реттік жасырын сөз арқылы қол қою және қызметке онлайн тапсырыс беру.

Айта кету керек, қызметтерді бір реттік жасырын сөз арқылы қол қою үшін мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет. Өтінімге жеке куәліктің көшірмесін және еңбек кітапшасының көшірмесін қоса тіркеу қажет. Қызмет көрсету мерзімі 11 жұмыс күнін құрайды.

Екі және одан да көп ұйымдардың құжаттарын, сондай – ақ бес жылдан астам кезеңді зерделеу қажет болған жағдайда, қызмет көрсету уақыты 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.