Мәртөбенің мәртебелі ұстаздары марапатталды

581

Шымкент қалалық “Нұр Отан” партиясы өкілдерінің қатысуымен № 27 Мәртөбе жалпы орта мектебінде ұстаздарға арналған мерекелік концерт өтті. Үздік мұғалімдер арнайы марапатталып, мерейлері үстем болды.

Төрт ауылдың бірлігі, көптеген мәселенің шешіміне себепкер болған. Ұстаздарға арналған бұл шара да Мәртөбе Тассай 2, Қызылсу, Достық ауылдарының бірлесе ұйымдастыруымен болып отыр. Бахадыр Нарымбетов қоғамдық шаралар мен ел игілігіне жұмыс істеуде.

Мәртөбелік тұрғындардың қашанда белсенділік танытатынын айтты. “Бүгінгі Ұстаздарды ұлықтаған мерекелік көрініс те соның дәлелі” дейді “Нұр Отан” партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Бахадыр Нарымбетов, “Нұр Отан” партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: “Барлық ұстаздарға алғыс рахметімдіі айтқым келеді. Отбасыларыңыздан бақ-береке кетпесін. Бүгін Мәртөбе мектебінде арнайы келіп ұстаздар күнін атап өтіп жатырмыз. Бұған себеп өте көп. Бұл жерде “Нұр Отан” партиясының мүшелері белсенді. Кез келген бастамаға қолдау көрсетіп отырады”.

Өз ауылының тұрғындарын қанаттандырып, жұмыс істеуге деген ынтасын арттыруда басшының үлесі зор. Оразәлі Кенжебеков “Нұр Отан” партиясының қолдауымен мектептің жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің аясында тұрғындарды арнайы оқытып, кәсібінің өркендеуіне үлес қосып отыр. Ендігі мақсат — еңбек етіп, табыс табамын деген азаматтардың санын көбейтіп, оларға кеңінен жол ашу дейді Мәртөбе ауыл орамының басшысы.

Оразәлі Кенжебеков, Қаратау аудандық “Nur Otan” партиясы бақылау комиссиясының мүшесі: “Нұр Отан” партиясы осы ауылдың көп балалары аналары бар, жалғыз басты аналар, жалпы әлеуметтік көмекті қажет ететін жандарға жағдай жасап отыр. Олар оқып арнайы мамандық алады. Енді біздер өз кәсіптеріне қарай керек жарақтарымен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. 30 азаматқа пісіретін пеші мен тігінге қажетті машинкасын да алып өздеріне табыстадық. Жыл соңына дейін 100 адамды оқыту жоспарда бар”.

Белсенді азаматтардың бірлігі, өзге де елді мекендерге үлгі етуге тұрарлық. Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің санын азайтып, кәсіптен, нәсіп табуға баулу мәртөбеліктердің басты мақсаты. Ел азаматтарының іскерлігін ескерген “Нұр Отан” партиясы Мәртөбе ауыл орамына қарасты Бастауыш партия ұйымын ашуды қолға алатын болды.

Мерекелік шара соңында шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан ұстаздардың еңбегі еленді. Төл мерекесіне арнайы ұйымдастырылған концертте , әсем ән — жырдың куәсі болды.

Гүлнұр Әмірәлі