Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 10-17 қазан аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Аталған іс-шараның 4 күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 744 тәртіп бұзушылықты анықтады. Оның 35 – ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 2 және 3-бөлігі «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша; 25 – ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару» бойынша; 15 – ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі «Рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушіні басқаруға рұқсат беру» бойынша;
16 – ҚР ӘҚБтК – нің 590-бабы 9-білігі «Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша; 179 – ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша; 34 – ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша; 1 – ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Көлік құралын алкогольдік күйде басқару»; 3 — ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару» және өзге де құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.