18-19 қазан күндері таңғы сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы барысында 1350-ден астам азамат келіп, өз сұрақтарына қажетті жауаптарын алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, миграциялық заңдылықты сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру болып табылады.