Шымкенттің әкімі ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспановты қабылдады

466

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әскери самбодан 3 дүркін Әлем чемпионатының жеңімпазы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспановты қабылдады, – деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар елімізде спортшыларға жасалып жатқан жағдайлар мен бүгінгі олардың жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер спортына аса ден қойып,  бокс пен әскери самбо үйірмелерін дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы  өскелең ұрпақты патриоттық рухпен тәрбиелеуде отандық спортшыларымыздың алар орны ерекше екенін атап өтті.Қала басшысы спорт шеберіне алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.

ММА балуаны Арман Оспанов өзінің кәсіби мансабын 2012 жылы бастаған. Бүгінгі күнге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның 9-ында жеңіске жетіп, 2-нен жеңіліс тапты. ACA, AP, LS сынды дүбірлі додаларға қатысқан.