Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы қылмыстық іс тергеліп жатқандығын хабарлайды.

«№1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат БАҚ-да таралған болатын. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты ресми түрде растап, қылмыстық іс тергеліп жатқандығын хабарлайды.

Мемлекеттік орган ретінде тергеу барысына араласуға құқымыз жоқ. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары іс жүргізу шешімін қабылдайды. Абылай Абдужаппарұлы 2019 жылдың наурыз айынан бастап №1 қалалық клиникалық ауруханада бас дәрігердің қызметін атқарып келген», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 19 қарашада №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Абылай Донбай адам ағзаларын заңсыз алу бойынша күдікке ілінген.