Қараша айының басында бір отбасындағы қос бүлдіршіннің уланып қайтыс болуына қатысты тағайындалған сараптама қорытындысы дайын. Алайда, оның нақты қандай түйін жасағанын төтеншеліктер айтпай кетті. Тек, балалар газдан емес, сол күні жеген түшпара мен йогурттан улануы мүмкін деген жорамалын ғана естіртті.
Оқиға орнында тиісті тексерулер жүргізген сала мамандары баспанадан ешқандай газдың иісі шықпағанына көз жеткізген. Көпқабатты тұрғын үй табиғи газ жүйесіне қосылмаған.
Айта кетейік, 5-қараша күні Шымкент қаласында бір отбасының мүшелері уланып, 10 айлық және 4 жасар екі бүлдіршін қайтыс болған еді. Ал уланған отбасы тұратын үйден табылған 30 түрлі азық-түлікке сараптама жүргізген қоғамдық денсаулық сақтау мамандары олардың астан уланбағанын алға тартып, сол кездегі дәрігерлердің де ісі сарапталатынын айтқан болатын. Бүгін оның да қорытындысы белгілі болды.
Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: « Жедел жәрдемнің фельдшері өз жауапкершілігін түсінуі керек еді. Сол жерде «сіздердің жағдайларыңыз ауыр» деп тілхатына қарамауы керек еді. Дұрыс баға бермегені үшін біздер сондай талап қойып жатырмыз ол кісіге. Балаларды алып кету керек еді. Ол түсініктемесінде «біз келгенде баласы ұйықтап жатыр еді» дейді. Ол ұйықтасын, басқа болсын ол жерден хабарлама түсті ма 103 -ке олар енді барлығын соңына дейін апаруы керек еді. Толыққанды зерделемегеннің арқасында осылай болды…».
Мақпал Рысбаева