«Turkistan: One Way – One History» халықаралық туристік форумын өткен болатын. Аталған шараға қатысқан Азия елдерінің туризм саласының өкілдері Отырар ауданында ақпараттық тур ұйымдастырды.

Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен келген туристік операторлар мен блогерлер Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалажұртының тарихи нысандарымен танысып, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде болды. Музейдің экспозиция залымен танысып, тарих іздері қалған тұғыры биік мекеннен тың мағлұматтар алды.

Экскурсиядан соң Отырар қорық-музейінің мәжіліс залында 30-ға жуық шетелдік туристік операторлар мен блогерлер және БАҚ өкілдерінің қатысумен баспасөз конференциясы жалғасын тапты. Жиында сөз алған аудан әкімі Әбдіғали
Жүнісов туристерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында Арыстанбаб кесенесі мен Отырар төбе қалажұртының кіреберіс қақпа маңайына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтып, туристерге қызмет көрсету, тарихи орындарды таныстыру жоғары деңгейде жұмыс жасау үшін ақпараттық турға қатысушылар бірлесе отырып жұмыс атқаратындықтарын алға тартты.

Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаева мен Түркістан облыстық Индустрия мен туризмді дамыту орталығының директоры Гүлмира Ақбердиева шетелдік туристік операторлардың еліміздегі туризмнің дамуына үлес қосып жатқандығын айтып, оларды таныстырды. Оларда өздерінің Отырар өңірінің тарихымен танысқанына ризашылықтарын білдіріп, керемет әсерде болғандықтарын жеткізді.

Баспасөз конференциясынан қорытындылаған Отырар қорық-музейінің директорының міндетін атқарушы Сапар Алияасқарұлы тарихы мол тағылымды – Отырар өңіріне шетелдік туристердің саны артып жатқандығын айта келе, туризм бағытындағы керемет нысандарға туризм майталмандарының басын біріктіріп танымдық ақпараттық сапар ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаевамен, Түркістан облыстық Индустрия мен туризмді дамыту орталығының директоры Гүлмира Ақбердиевамен және Тәжікстан Республикасының ООА «Совет по развитию туризма» төрағасы Хабибова Давлатпен, «Зерафшанский Совет по Туризму» төрағасы Норова Зафармен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлесе дамыту мақсатында Меморандум жасасты.