Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен іске асырылып жатқан жалпыреспубликалық «Музейлер шеруі» музей акциясы кезекті рет көрерменге жол тартады.
«Музейлер шеруі» акциясы – қазақстандықтардың мәдени рухани тұрғыда танымын байытуға, сонымен қатар, қазақ халқының тарихы мен өнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Республика бойынша өтетін аталмыш шараға отандық 30 музей қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда:
Түркістан облысынан (Түркістан облысының Мақта тарихи музейі, Облыстық бейнелеу өнер музейі, Әбу Насыр әл-Фараби руханият музейі, Тарихи-мәдени этнографиялық орталығы, Кентау қалалық музейі, Төле би аудандық музейі, Ордабасы аудандық тарихи-өлкетану музейі, Арыс қаласының музейі, Қазығұрт музейі).
Шығыс Қазақстан облысынан (Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафты қорық музейі, Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейі, С.Невзоров атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі, Тарбағатай тарихи-өлкетану музейі, Риддер тарихи-өлкетану музейі және Зайсан тарихи-өлкетану музейі).
Қызылорда облысынан (Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі, Арал қалалық тарихи музейі, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, Қазалы аудандық және Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейлері).
Қостанай облысынан (Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейі, Лисаков Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі, Денисов тарихи-өлкетану музейі, Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану музейі).
Сондай -ақ, осы жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін атап өту қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Шафердің музей-үйі (Павлодар қ.) музей акциясын өткізеді.