Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 4 жасар сәби есін жимастан көз жұмған. Отбасының кенже ұлын да құтқару мүмкін болмаған. 2018 жылы туған ұл бала токсикологиялық бөлімде жан тапсырған.

Анасы мен қызы қазір Шымкент қалалық гипербариялық оксинациялық орталығында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер қазір науқастардың жағдайлары қалыпты дейді. Алайда тұрғындардың неден уланғаны әзірге анықталмаған.

Әкелерінің айтуынша, үй маңындағы дүкеннен тұшпара алып жегеннен кейін отбасы мүшелері құсып, іштері ауырсынған. Қазір сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Мақпал Рысбаева