Жастарға арналған жалдамалы баспана дайын ба?

368

Жастар жылы жастарға қолдау. Жұмыс істейтін жастарға 904 жалдамалы пәтер беріледі. Олардың 304 -і жаңа үйлерден үлестірілсе, қалған 600 пәтер сатып алынады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын  Ақназархан көшесіндегі  сегіз пәтері бар 2 қабатты ескі үй болатын. Газ баллоны жарылып өрт шыққан ғимарат сүріліп, бүгінде орнына зәулім баспана бой көтерген. Жұмыс істейтін жастарға 30 пәтер осы үйден жалға беріледі. Оның 25-сі екі бөлмелі, бесеуі бір бөлмелі.

Мердігер компанияның өкілі Ернар Сариевтің айтуынша «тазалау жұмыстарын алдағы күндері бітеді. Қалай пәтер иелері қоныстанса, сол заматта электр жарығын. ауыз суын қосып береміз. Табиғи газ құжаттар рәсімделген бойда беріледі».

Жастарды қолдау үшін бөлінген пәтерлердің қалғаны «Нұрсәт» шағынауданы мен «Шымсити» қалашығынан үлестіріледі. Одан бөлек, қала ішінен де бюджет қаржысына біраз баспана сатып алу көзделген.

Жұлдыз Ордабекова, қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы: «904 пәтерді беруді жоспарлап отырмыз. 304 пәтер құрылысы биыл аяқталатын Ақназархан және Гагарин көшесінде  берілмек».

Ю.Гагарин көшесіндегі жалдамалы баспана жылдың соңына дейін тапсырылуы екі талай. Өйткені, бесқабатты үйдің соңғы қабаты әзірге бітпеген. Шатыры да жабылмаған. «Шымкентстрой» серіктестігі сметалық құны 402 млн.теңге тұратын нысанды биыл қараша айында тапсыруы тиіс болатын. Былтыр қазан айында  басталған құрылыс қаржы тапшылығынан жарты жылдай тоқтап тұрған.

Шынар Оразова