Аталған жол көлік оқиғасына «Лада гранта» көлігінің мас жүргізушісі кінәлі. Жол апаты 29 қараша күні түн ортасында Темірлан тас жолының Мангелдин көшесімен қиылысында болды.
Куәгерлердің айтуынша, Лада Грант көлігі жоғары жылдамдықпен Темірлан тас жолымен Янги Шахарға қарай бағытта, бағдаршамға тыйым салатын белгіге қарамастан өтіп кетіп, полиция көлігімен соқтығысқан.
Алған соққыдан Лада ұшып кетіп қарсы жолақта келе жатқан тағы да үш көлікпен соқтығысады. Көлік аударылып барып тоқтаған. Аталған апатта оқиғаға кінәлі жүргізуші жарақат алды. Оның денесі көгерген, қабырғасы сынған. Жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Көліктер айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.
Сараптама жүргізу барысында кінәлі жүргізушінің қанының құрамында 1 промиле алкоголь бар екендігі анықталды. Сот шешімі қабылданғаннан кейін жүргізуші залалды төлеп қана қоймай, жүргізуші куәлігімен ұзақ уақытқа қоштасатын болады.
Шакир Умаров