16.12.2019 жылы 20 сағат 19 минутта 112 сымтегіне Дуталиев Сман (24.08.1971 жылы туылған), Нұрахметов Саян (12.11.1995 жылы туылған) Алғабас ауыл округі, Үсік тас елді-мекенінде 2 азамат адасып кеткені туралы хабар түсті. 20-39 минутта № 10 ӨСБ-нің жеке құрамынан 4 адам, Төтенше жағдайлар бөлім бастығымен УАЗ (мемлекеттік нөмірі KZ 0498 13) автокөлігімен оқиға орнына шықты. Сонымен қатар Бәйдібек аудандық полиция бөлімінен 1 автокөлік 4 адам шықты. 21 сағат 48 минутта оқиға орнына жеке құрам жетіп, Дуталиев Сман Нива Урбан мемлекеттік нөмірі (KZ 249 KZA 17) жеке автокөлігімен қардан өздігінен шыға алмай қалған болатын. Ұялы телефоны сөндірулі болғандықтан ұлы Нұрахметов Саян әкесіне хабарласа алмағандықтан, артынан іздеуге шыққан. Іздеуге үйінен шыққан ұлы шамамен 20 шақырым жерде адасып кеткен. 23-10 минутта ұлы Нұрахметов Саян табылды. Қазіргі таңда үйлеріне жеткізілді. Денсаулықтары қалпында.

Қанат Әуелбеков
Бәйдібек ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі