фото Túrkistan

Екі тәулік бойында қалада қатты соққан желдің салдарынан бірнеше шағынаудандарда «Пахтакор», «Самал-3», «Қызылсай», «Кайтпас-2», «Жаңа талап», «Шаңырақ», 4 –ші, 18-ші шағынаудандары мен «Ақжар», «Кайнар бұлақ» саяжайы,елді мекендерінде электр жарығы сөніп, А. Байтұрсынов көшесі 87 мекен-жайындағы «Фронт офис» ғимаратының 150 м2 шатыры, «Солтүстік» мөлтек ауданы 68-үй мекен-жайындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 70 м2, «Теріскей» шағынауданында 5 қабатты үйдің шатыры және «Нұрсәт» шағын ауданындағы 9-қабатты №74 үйдің қасбеті 20 м2 зақымданған.

Сондай-ақ, апаттық жағдай орын алуына байланысты қала аумағында орналасқан 8 жылу қазандықтары, 8 сорғы стансалары 20 желтоқсан кешкі сағат 21:30 — дан 21 күні таңғы сағат 8:35-ке дейін уақытша өшірілді.

Орын алған жағдайды қалпына келтіру мақсатында Шымкент қалалық әкімдігі және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірлесіп шұғыл жұмыстар атқаруда.
Қазіргі таңда жылу нысандары қалыпты жағдайда температуралық кестеге сай жұмыс жасауда.

Электр желісінде анықталған ақаулар толығымен жойылып, тұрғын үйлер электр қуатына қосылуда. Арнайы жасақталған бригадалар жұмыс жүргізіп, жалпы қаладағы сөнген электр жарығын 1-2 сағат көлемінде толық қосу жоспарлануда.

Қосымша келеңсіз жағдайлар орын алған жағдайда 87252-24-72-99 байланыс телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.