Қатты дауыл шатырларды ұшырып кетті

205

Өткен тәулікте 23 наурыздан 24 наурызға қарағанда ауа-райы жағдайының нашарлауына, атап айтқанда желдің екпіні секундына 16 м-ге дейін күшеюіне байланысты тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары, баннерлер, электр желілердің үзілуі мен бұталардың сынуы орын алды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарымен қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп күшті желдің салдарын жою жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 24 наурызда сағат 01.00-ге шатырдың ұшуы бойынша 11 жедел ақпарат тіркелді: Абай ауданында 5 жағдай, Еңбекші ауданында 2 жағдай және Қаратау ауданында 4 жағдай. Барлық оқиғаларға жедел түрде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері шықты.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнында шатырдың ілініп тұрған бөлшектерін түсіріп, профнастилді бұзып, оқиға орындарын тексерді. Барлық жағдайларда үй тұрғындары үшін қауіп болған жоқ. Коммуналдық қызметтер салдарларды қосымша жойды.

Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты электр беру желілеріндегі іркілістер байқалды, соның салдарынан Шымкент қаласының 12 шағын ауданында электр энергиясы ішінара өшірілді. Электр желілерінің үзілуінің барлық салдары энергетика қызметінің жедел әрекеттерімен жойылды.

Құрметті қала тұрғындары! Қазгидрометтің мәліметінше, Шымкент қаласында наурыздың 24-25 аралығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Абай болыңыздар! Сондай-ақ, барлық дауылды алдын ала ескертулер мен ұсынымдарды «Дармен» тегін мобильдік қосымшасынан алуға болатынын еске саламыз.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы