Кудариева Мунира Бекмирзаевна Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға 4 ұл-қызымен 2018 жылы көшіп келген. Сондықтан Өзбекстан елінің тіркеуінен шығып, тарихи отаны Қазақстан Республикасы Келес ауданына уақытша тіркеуге тұруға құжаттарын тапсырып, рұқсат алады. Содан 2019 жылдың наурыз айында ҚР азаматтығын алуға өтініш білдіреді.
Келес АПБ-нің Көші-қон қызметі тобы қызметкерлерімен қандасымыздың өтінішін қабылданып, заңмен көзделген мерзім ішінде қандасымыз Мунира ҚР Аазаматтығын алған. Тарихи Отанына қайта келген Мунира қандасымыздың артынан 2019 жылы шілде айында жұбайы мен енесі келіп, оларда тұрғылықты тұруға қоныстану ықтиярхатымен құжаттанған. Бүгінде тарихи Отанына қайта қоныстанған азаматтарға мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда. Өзбекстаннан келген бұл отбасы аталған көмектерді алып, Қазақстанда өз шаңырақтарын көтеріп, өмір кешуде.
Келес АПБ көші-қон қызметі бөлімінің орталығына келіп, өзіне және басқа да отбасы мүшелеріне қажетті құжаттарды заңға сәйкес тез әрі оңай алған үшін қандасымыз:
«Жанға жайлы, қолайлы, барлық қажетті мамандар бір жерде шоғырланған бөлімнің қызметкерлеріне және көрсеткен қызметіне ризамын. Елге оралып қуанып жатырмын. Оның ішінде ҚР-ның азаматтығын тез әрі оңай жолмен алдым. Көші-қон қызметкерлеріне алғысым шексіз. Белгілі мерзімде, ары-бері сандалтпай, құжатымды жасап берді. ҚР-ның азаматы деген төлқұжатыма қайта–қайта қарап, қуанып отырмын»-деп жүрекжарды сөздерін жеткізді. Тұрғындармен ашық қарым-қатынас орнатып, алғыс алған Келес аудандық полицейлерімен КҚҚТ-ның инспекторы полиция капитаны Жанболат Рахимовтың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Көрсеткен қызметі үшін, халық алғысын білдіруі – елдің қауіпсіздігі мен тыныштығына жауап беретін полицейлердің еңбегінің жемісі деп білеміз!