Тұртаевтар отбасы қолдау көрсеткендерге алғысын айтуда

33

Құрсай шағынауданының тұрғыны Мақпал Байтиева  «Отырар»  медиахолдингі редакциясына хабарласып, қолдау көрсеткен жерлестеріне алғысын жеткізді. «Мына қымбатшылық,  бағалар шарықтаған қиын-қыстау кезеңде  көмек қолын созған әрбір адамға Алла разы болсын, отбасыларынызда тек жақсылық болсын,»-деп жылы лебізін білдірді  көпбалалы ана.

Естеріңізге сала кетейік, 2 ақпанда Құрсай шағынауданындағы жекеменшік үйде  өрт болған. Отқа оранған үйден балаларды көршісі алып шыққан. Қазір балалар дін аман. Балалардың әкесі Астанадағы құрылыстардың бірінде жұмыс істесе, анасы балабақшада жұмыста болған. 5 баланың үшеуі  №49 мектептің  оқушылары. «Қиын жағдайда бізді жалғыз қалдырмаған жерлестерімізге  алғысымыз шексіз»,- дейді көпбалалы ана Мақпал.

Астанадағы құрылыста жұмыс істеп жүрген отағасы Азамат елге оралып, қазір өрттен зақымданған үйде жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Жас отбасына туыстарынан бөлек, көршілері де көмектесуде. Айтуларынша,  материалдары жетсе,  құрылысты Ұлыстың Ұлы күні Наурызға дейін аяқтамақ.

Материал  дайындалып жатқанда қаладағы №41 мектептің директоры Айна Абылайқызы хабарласып,  «Тұртаевтар отбасы қиын жағдайға тап болыпты, балаларға обал, ұжымымызбен көмектесеміз» деді. Осындай қоңыраулар  әлі де келіп түсуде.

Сондықтан біз көпбалалы отбасыға көмектесемін деген азаматтарға  отанасы Мақпалдың байланыс телефонын беріп отырмыз.

KASPI.KZ: +7 707 324 65 33 МАҚПАЛ Б.

Дұрыс түсініңіздер, отбасы қаржылай да  қолдауға мұқтаж. Өйткені, өрт барысында барлық заттары жанып кеткен. Құрылыс біткенде, балалар жататын төсек орындар, сабаққа дайындалатын үстел сияқты ең қажеті заттар  қажет етеді.