10 қап жаңғақ ұрлаған күдікті, оны сатып тұрған жерінен ұсталды

347

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында тұрғын-үйінің алдында орналасқан жазғы асханасынан 10 қап жаңғағын белгісіз азаматтар ұрлап кеткенін көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 15 000 теңгені құрады.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Ұрлық болған үйге жылдам жеткен полицейлер, жедел іске кірісіп кетті. Куәгерлерден сұрастырып, мұқият тексеріп, жақын аймақтарды қарап шықты. Орын алған қылмысты ашуға қажетті барлық шараларды жүзеге асырды.

Осындай түрлі қылмыстармен бетпе-бет келіп, оны ашып жүрген тәртіп сақшылары бұл істі де ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында жоспар құрады. Жаңғақтарды сатуы мүмкін деген оймен полицейлер жәбірленушінің қатысуымен базарларда жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшыларының тұжырымдары алдамаса керек, шынында күдікті базарда жаңғақтарды сатып тұрған жерінен ұсталды.

Тергеу барысында күдіктінің 5 қап жаңғақты таңертең алыпсатарларға сатып кетіп, қалғанын әкеліп тұрған беті екен. Ол жергілікті тұрғын және жәбірленушінің көршісі болып шықты. Үй иелерінің қыдырып Тараз қаласына кеткенін білетін күдікті көрші, олардың жоқтығын пайдаланып, көршісінің жаздық үйінің есігіндегі құлпын бұзу арқылы кірген. Өз кінәсін толық мойындады. Күдіктінің бас шарасы «міндеттеме».

Қазіргі таңда барлық тергеу амалдары жүргізіліп, іс «Ұрлық» бабы бойынша сотқа жолданды. Өз кезегінде қылмыстың ізін суытпай жарты күнде ашып, күдіктіні қолға түсірген полицейлерге жәбірленуші алғысын білдірді.

QAINAR KÓZТО ПДнің баспасөз қызметі