13 адам қар құрсауынан құтқарылды

422

Жуырда Бәйдібек ауданы Алмалы ауыл округіне қарасты Бәйдібек ата, Алмалы, Жарықбас елді мекендерінде қатты боран соғып, желдің бағыты 25-30 м/с жылдамдыққа дейін баруының салдарынан, электр жарықтары сөніп, сонымен қатар жолда автокөліктер қалып қойғандығы туралы хабар түсті.

Оқиға орнына Бәйдібек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінен 1 адам, жергілікті атқарушы органдарынан 1 адам, авариялық құтқару жасақтарынан 3 адам, Шаян, Бірлік, Қошқар-ата, Кеңсай жолында қызмет көрсететін Гай-Тас ЖШС 4 техника, көмекке РМК Оңтүстік жолдар 1 техника жұмылдырылды.
21-22 желтоқсан күні 9 автокөлік қар құрсауынан шығарылып, 13 адамға көмек көрсетілді.
Қ. Әуелбеков
Бәйдібек ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі