Екі жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

219
фото KYN.kz

4 -желтоқсанда Шымкент қаласында Темірлан тас жолы бойында жүргізуші автокөлікті басқара отырып, екі кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде оның біреуі алған жарақатынан қайтыс болған, екіншісі түрлі жарақаттармен Шымкент қаласының медициналық мекемесінің жан сақтау бөлміне жеткізілген.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады.
Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.