Елімізде қайтыс болған 800-ден астам адамның атында жылжымайтын мүлік бар

159

Мәліметтер базасында осындай дерек тіркелген. Үкіметте Қаржы министрі Әлихан Смайылов соларды иесіз деп тану туралы ұсыныс жасады. Айтуынша, 17 миллион мүлікті қайта тіркеп шыққанда, соның ішінен 843 мың қате табылған.

Тексере келсе, Қазақстаннан әлдеқашан кетіп қалған азаматтар мен о дүниеге аттанып кеткен марқұмдардың атында әлі тіркеліп тұр екен.

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі: «Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қайтыс болған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен адамдарға тиесілі иесіз мүлікті иесіз деп тану мәселесін пысықтауы керек».

Мақпал Рысбаева