Мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту құралдарына портал арқылы тапсырыс бере алады

367

Мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі – ОТҚ) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз бетінше тапсырыс бере алады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емдеу қызметтер жатады.

Бүгінгі күні ОТҚ және жоғарыда аталған қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің сапасын арттыру және қолжетімділігін жаңғырту мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің бүкіл аумағында Әлеуметтік қызметтер порталы енгізілетін болады.

Бүгінгі күні оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін алуға мүгедектік белгіленген сәттен бастап 8 айға дейін кетеді. Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ұзақтығына байланысты. Қызмет алушылар деп тендерлік жүйесі мүгедектерге мүлдем келмейді. Жыл сайын олар қызмет көрсету мен медициналық бұйымдардың сапасының нашарлауына жиі шағымданады. Порталды енгізу оңалту қызметтеріне қажеттілікті есепке алудың ашық еместігінің факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, оңалту қызметтері мен құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу проблемаларын шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар тауардың және қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады.

Порталды енгізу нәтижесінде ОТҚ ұсыну және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің мерзімдері оларды тағайындаудың белсенді форматы арқылы 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқарады. Мүгедектігі бар азаматтардың тілектеріне сәйкес оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің белгіленген құнын өтеу тетігі көзделген. Бұл порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау кезінде қосымша ақыны жүзеге асыру функциясы қол жетімді болады дегенді білдіреді.

Бұдан басқа, сертификатталған мамандардың неғұрлым кең ауқымы қолжетімді болады, ал медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – МӘМ) барлық МӘМ-нің жарақтандырылуы мен жүктелуі ескерілетін болады.

Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, өнім берушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, портал пилоттық режимде іске қосылып, Ақтөбе қаласында сәтті жүзеге асырылуда. Оған бірнеше медициналық-әлеуметтік мекеме қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту бойынша ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдалана алады деп жоспарлануда, ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың өнім берушіні қамтиды.

Бүгінгі күні «Мобильдік азаматтар базасы», «Әлеуметтік тізілім», «Бірыңғай деректер қоймасы», «Қазпочта» АҚ, «Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйелерін біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) әлеуметтік-еңбек саласында бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Портал 6-дан (инватакси қызметтерінен басқа) 5-үдерісті цифрлауды көздейді, бұл:

1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

2) оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;

3) ымдау тілі маманы қызметін көрсету;

4) жеке көмекші қызметін көрсету;

5) санаторлық-курорттық емдеу қызметін көрсету.

Мемлекет тарапынан оңалтудың техникалық құралдар мен қызметтерінің құнын өтеу тетігі көзделеді. Портал қосымша тұтынушы неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша ақы төлеу мүмкіндігін қарастырады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 бизнес-процесстің 2-ін: арнайы әлеуметтік қызметтер және жеке бейімделуді талап етпейтін ОТҚ түрлерінің жартысынан астамын қамтамасыз ету, оның ішінде республикалық бюджеттен толық қаржыландырылатын 24 түрін порталға ауыстыру жоспарлануда.

Жеке іріктеуді талап ететін ОТҚ-ның қалған түрлері 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында пысықталатын болады.

Сондай-ақ, 2020 жылдың көктемінде портал қалған 3 бизнес-процесс бойынша қызмет алу мүмкіндігін қарастырады (санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекші және ымдау тілі маманы қызметтері).

2020 жылы үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында оңалту тауарлары мен қызметтері баламалы негізде – портал және мемлекеттік сатып алу арқылы көрсетілетін болады. Порталға толық өту – 2021 жылдан бастап.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар және олардың филиалдары порталда тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді жеткізушілер бола алады.

Порталда:

1) салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;

2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;

3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;

5) медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;

6) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іске асыру үшін баға табыс етуге тіркеле алады.

Өнім беруші порталда тіркеуден алынады:

1) тіркеуден шығару туралы өтініш беру;

2) Өнім берушінің қызметі тоқтатылған немесе қайтыс болғанда;

3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу;

4) әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау.

Бұл адал бәсекелестікті арттырады және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе жұмыспен қамту немесе әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.

Порталды енгізу ұсынылатын ОТҚ мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, ОТҚ мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін көрсетілетін қызметті алушылар мен өнім берушілерге арналған порталды пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар әзірленеді, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері үшін оқыту тренингтері өткізіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Портал әкімшісі болып табылады, сүйемелдеу «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен жүзеге асырылады.

2019 жылдың 1 қарашасынан бастап портал пайдаланушылары үшін 1411 нөмірі бойынша call-center жұмыс істейді.