Полиция автокөлігінің муляжын екі бұзақы талқандап тастаған

170

Жуырда Бадам-1 тұрғын алабы Ирисқұлов көшесінің бойында орнатылған патрульдік полиция автокөлігінің муляжын екі жергілікті тұрғын бұзақылық ниетпен зақымдаған.

Полиция қызметкерлері бұзақыларды ұстап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті Полиция қызметі басқармасы және Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау мақсатында аталған елдімекеннің тұрғындарымен профилактикалық әңгімелесу өткізді.