Бұзақылығы үшін бас бостандығынан айырылды

327

ОҚО-ның Мақтарал ауданында полиция қызметкерлері бұзақылық жайтына күдікті 29 жастағы ер азаматты ұстады. Ол аудандық соттың шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақтарал АІІБ-ның кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен, онда ауруханаға дене жарақатымен 1991 ж.т. ер азамат жеткізілгені көрсетілген. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері анықтағанындай аудандағы елді мекендердің бірінде бұзақылық кезінде жәбірленуші іш тұсынан өткір затпен жараланғаны белгілі болды.

Аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні ұстады, ол 1989 ж.т. жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған жайт бойынша тергеушілер «бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, істі сотқа жолдады.
Қазіргі таңда сот үкімімен 29 жастағы азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы