Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау департаменті мереке күндері қарсаңында  өткір ішек  жұқпасы және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында  жұмыс атқаруда.

Мереке күндері әрбір отбасында отбасы мүшелері және қонақтарға арнап мерекелік дастархан жаю әдетке айналған. Ерекше күндер болғандықтан, дастарханға түрлі майонез қосылған салаттар, ет және балық тағамдары (ет, балық желесі, қазы-қарта), тауық етінен жасалған және т.б. тағамдар қойылып жатады. Әрине, бұл жақсы үрдіс. Алайда, осы тағамдарды дайындау барысында өте сақ болған жөн!

Тағамды дайындау және сақтау жағдайлары бұзылған кезде, тағам өнімдерінің микробтармен ластану қаупі ұлғаяды. Сондықтан, өткір ішек  жұқпасы және тамақтан уланудың алдын алу үшін оның негізгі шараларын білу және сақтау қажет:

— Қауіпсіз тамақ таңдаңыздар! Қандай да бір өнімді сатып алар кезде, жарамдылық мерзімін, қорабының бұзылмағандығын тексеріңіз. Рұқсат етілмеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмағаныңыз жөн.

— Тамақ өнімдерін таза пісіріңіз! Көп шикі өнімдер оның ішінде құс еті, ет және шикі сүт өнімдері ауру  қоздырғыштарымен ластанған болуы мүмкін. Таза пісіру кезінде қоздырғыштар жойылады.
— Ас бөлмесін   таза ұстаңыз! Тазалық – денсаулық кепілі!
— Алдын-ала дайындалған асты тұтынатын кезде, қайта ысытып, қайнатқан жөн. Бұл – тамақты сақтау кезінде көбеюі мүмкін  қоздырғыштардан сақтанудың ең дұрыс жолы.

— Шикі және дайын тағамдарды бірге сақтауға болмайды.
— Тамақ дайындау және ішер алдында, сонымен қатар әжетханадан кейін қолдарыңызды тазалап жуыңыздар.
— Дайындалған тамақты бөлме температурасында 2 сағаттан аса қалдырмаңыздар.
— Тамақты жәндіктерден, кеміргіштерден қорғайтын орындарда сақтаңыздар! Жәндіктер мен кеміргіштер улану тудыратын ауру қоздырғыштарының тасымалдаушылары болуы мүмкін.
— Тамақ дайындауға және ішуге тек таза су пайдаланған дұрыс. Егер судың сапасына күмәніңіз болса, қолдану алдында қайнатып жіберіңіз.
— Көкөніс және жеміс-жидектерді пайдаланаралдында қауіпті бактериялардан тазарту үшін тазалап жуыңыздар.

— Тамақ өнімдерін, әсіресе үй жағдайында дайындалған консервілерді  «қолдан» және рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмаңыздар!

Осы қарапайым ережелерді орындау арқылы Сіз өзіңізді және отбасыңызды тамақтан уланудан және өткір ішек жұқпасынан сақтай аласыз!