Арыс АПБ-не жергілікті тұрғындар арызданады. Жәбірленушілілердің айтуынша, белгісіз азаматтар олардың жайылымға қараусыз жіберген сиырларын жымқырып кеткен. Бірінші тұрғынның құны 300 000 теңге болатын сиырын, екіншісінің де 300 000 теңге болатын сиырын, келесі тұрғынның 2 бас, жалпы құны 700 000-нан астам теңгені құрайтын сиырларын ұрлап кеткенін көрсетеді.
Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Осы оқиға бойынша Арыс АПБ ЖПҚ УПИ-ы мен КПБ-нің жедел уәкілдері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер жақын аймақтарды мұқият тексеріп шықты, көрген-білгендерден сұрастырды. Қажетті деп танылған барлық іс-шаралар жасалды. Нәтижесінде, алынған ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде арасында біреуі бұрын сотты болған, үш жергілікті тұрғынды ұсталды.
Олар өз кінәларын толығымен мойындаған. Күдіктілерге бұлтартпау шарасы ретінде «күзетпен ұстау» қолданылды, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер алдын-ала ұрлық жасауды жоспарлаған. Ұрлаған сиырларын сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратып жіберген болып шықты. Өз кезегінде сиырлары жөнінде ақпарат алып, күдіктілерді ұстаған тәртіп сақшыларына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді. Жұмыстарына табыс тілеп, кәсіби шеберліктеріне алғыстарын жеткізді.